jasqazaq.kz

Венесуэла халқы шаштарын кесіп күн көріп жүр

28 қыркүйек 2017, 10:15

Венесуэлада тұрмыстағы таршылық салдарынан елдегі әйелдер күнкөріс үшін шашын кесіп сатып жатыр.

Бұл туралы Мир24 арнасы хабарлайды.

Соңғы апта ішінде сұлулық салондарына кезек күрт көбейген. Бірақ, қыз-келіншектер белгілі бір процедуралар үшін емес, шаштарын сату үшін барып жүр. Жергілікті сұлулық салондары қалың әрі табиғи шаштарды 6-20 доллар аралығындағы ақшаға сатып алып жатыр екен.

Ал Панама, Колумбия сияқты аймақтарда қалың шаштарды қымбатырақ бағамен сатып алып жатыр екен. Төрт баланың анасы Айнис Гонсалес екі рет шашын сатып, отбасына тамақ сатып алған. Мұнымен қатар, сырқаттанған аталарына дәрі сатып алу үшін 14 жастағы қыздарының да шашын сатқан екен.

Дәл қазір Венесуэланың экономикалық жағдайы өте нашар. Былтыр, тіпті, ел президенті Николас Мадуро электр энергиясын үнемдеу үшін әйелдерге шашын фенмен кептірмеуге кеңес берген еді.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда