jasqazaq.kz

Вейп сұйықтығын қолдан жасаған астаналық ұсталды (Видео)

31 қантар 2024, 12:00

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен акцизделетін тауарларды ірі көлемде, атап айтқанда электрондық темекі шегу құрылғыларына (вейп) арналған сұйықтықтарды өндірумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан адамның заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті.

Күдікті рұқсат беру құжаттарынсыз құрамында никотины бар сұйықтықты қолдан өндіретін цех ұйымдастырғаны анықталды.
Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде елорда мен республиканың басқа қалаларының Вейпшоптарына сатқан.
Сатылған никотин бар сұйықтықтың (вейп) құны 18 млн теңгеден асқан.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5000-ға жуық электронды темекі шегу құрылғыларына арналған сұйықтық құтысы (вейп), хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?