jasqazaq.kz

Уорд Ковалевті қарымта кездесуде нокаутқа түсірді (видео)

18 маусым 2017, 12:17

Санаулы сәттер бұрын Американың Лас-Вегас қаласында жартылай орта салмақта WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Андрэ Уорд (АҚШ) пен ресейлік бұрынғы чемпион Сергей Ковалев арасында қарымта жекпе жек өтті.

Кездесу «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Жекпе-жек басталысымен америкалық боксшы қорғаныс мәнерінде өнер көрсетіп, қарымта шабуыл жасаумен болды. Сергейге қарағанда жылдамырақ соққы жасай білетінін көрсетіп, кей тұстарда қарсыласын қапы қалдырып жатты. Бұл тәсіл өз нәтижесін беріп, 8-ші раундта Ковалевті нокаутқа түсірді. Еске сала кетейік, қос боксшы 2015 жылы қараша айында кездесіп, ресейлік боксшы бір ғана ұпаймен (113-114) жеңіліс тапқан еді және үш бірдей белдігінен айырылған. Бірақ Ковалев кездесу аяқталысымен бұл нәтижеге келіспейтінін айтып, бірден Андрэ Уордты қарымта кездесуге шақырды. Олардың бірінші кездесуіндегі келісімшарттың бір тармағында қарымта кездесуге шақыра алатыны туралы жазылған. Ал бұл жолы ондай келісім жоқ.

 

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда