jasqazaq.kz

Әуежай тұрағына 102 мың төлеген қазақ әншісі таңданысын жасырмады (видео)

14 тамыз 2017, 12:37

Елімізге белгілі әнші Нұрлан Әлімжан Астана әуежайында екі күн машинасын қалдырып, автотұрақтың 102 мың теңге сұрағанына таңданысын жасырмады.

«Екі күн Астана әуежайының автотұрағында тұрған бір жеңіл автокөлікке 102,000 теңге сұрап тұр… Алдында осындай жағдайлар болып жатыр дегенде сенбеген едім…Ал қазір өз көзіммен көріп аң-таң болдым…Бұл не сұмдық?! Бұлар бағаны қайдан алады?!», — деп жазған ол Instagram парақшасында.

«Формат» тобының әншісі Қайрат Баекенов те Астанаға келіп, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға 10 сағатқа көлігін қойғаны үшін 57 мың теңге төлегеніне ашулы екенін жазған болатын. Қайрат сөзін растау үшін Instagram парақшасында паркоматқа төлем жасап тұрған видеосын жариялады. «Әуежайдың көлік тұрағына бір тәулікке машинамды қойғанмын, 57 мың теңге», — деп жазады Баекенов. Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың стюардессамен түскен видеосы көпшілікке жақпай қалды Бұдан бұрын қазақстандық боксшы, олимпиада чемпионы және мәжіліс депутаты Серік Сәпиев елордамыздағы Назарбаев атындағы әуежайдағы көлік тұрағының бағасын қатаң сынға алған болатын.

nur.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда