jasqazaq.kz

UAE SWAT Challenge: Төрт команда үздік ондықта

11 ақпан, 9:38

Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгін де жалғасты. Төрт күннің нәтижесі бойынша төрт командамыз үздік ондықта!
“Мұнараға шабуыл” атты төртінші кезеңде біздің екі құрама жеңіс тұғырына көтерілді: “Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” үшінші орынды жеңіп алды.
109 команда арасында бесінші орында “Kazakhstan А” құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан “Tomiris” қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-ші орында тұр.
Төрт кезең нәтижесі бойынша біздің құрамаларымыз озып тұр. “Kazakhstan С” — ең жоғарғы ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен екінші орында “Kazakhstan А” сенімді тұр. “Kazakhstan В” мен “Tomiris” турнир кестесінің 12 және 13 орнында.


Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар ертең, бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.
JQ-Aqparat

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді