jasqazaq.kz

Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамалды

28 маусым 2024, 17:57

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алған құқық бұзушы шоумен Тұрсынбек Қабатов болып шықты. Бұл туралы Жоғарғы соттың Телеграм-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қабатовқа қатысты іс Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.
Сотта шоумен стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан. Бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.
Қабатовтың кінәсі куәгердің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталды.
Сот шешімімен шоумен әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?