jasqazaq.kz

Түрмеде қиылған неке

22 сәуiр 2018, 9:08

Алматыда жас жұбайлар некесін түрмеде қиды, деп жазады almaty-akshamy.kz басылымы ЛА-155/18 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет майоры Машимбаевқа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталған азаматтың отбасын құруына байланысты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Неке қию рәсімін өткізуге Алматы қаласы Түрксіб аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкері Әлия Қонаева шақырылып, жас жұбайларға неке куәлігі табысталды. «Тағдырдың қиындығына берілмей, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, бір-біріне деген сезімдерін суытпай шаңырақ көтеріп жатқан жастарға бақыт тіледік. Отбасы — кез келген адам үшін ең жылы ұя. Қазақ шаңырағы — ата-баба дәстүрлерін, өнегелер мен салт-жоралғыларды сақтаушы. Ол жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігі мен мәдениет­тілігін тәрбиелеуге негіз қалап береді», — делінген жарияланымда. Айта кетейік, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға отбасын құруға заң жүзінде мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл сотталған азаматтардың жақындарының қолдауын сезінуіне және түзелуіне оң әсер беріп қана қоймай, олардың қоғамға оң көзқараспен оралуына үлкен септігін тигізетін іс-шара болып саналады.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр