jasqazaq.kz

Түркиядан алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды (Видео)

23 ақпан, 10:27

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Анталья қаласынан бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкент қаласының 4 жәбірленуші — тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, заңмен белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті бой тасалды, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді