jasqazaq.kz

Түркістанда тәжірибелі металлургке «Құрмет» ордені тапсырылды

20 шiлде 2024, 15:25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойып, қоғамды еңбек адамдарын құрметтеуге шақырған болатын.
Осыған орай, бүгін Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Түркістан облысында да еңбек адамына құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тәжірибелі металлург, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосқан маман Нұрлан Қадырәлиевке «Құрмет» орденін тапсырды. 1965 жылы туған азамат Шымкент механикалық зауытында слесар әрі болат балқытушы болған. Қазір «KARLSKRONA LC AB» компаниясында бас болат балқытушы болып жұмыс істеп жүр. Жалпы еңбек өтілі 40 жылға жуықтаған.
Облыс әкімі марапат иесіне Президентіміздің еңбек адамдарына құрмет көрсетудегі бастамалары туралы айта келе, Түркістан оболысын дамытуда металлургтердің де үлесі бар екенін жеткізді.


Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен металлургия саласында істейтін 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?