Түркістан: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

18 сәуiр, 11:55

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды. Құжат әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілікті қатаңдату, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталды. Заң, сөзсіз, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға септігін тигізеді. Дегенмен түсіндіру жұмыстары тоқтамауы тиіс. Түркістан өңірінде бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізеді.

Соның бірі — Келес ауданында өткен «Отбасым — бақыт мекенім» форумы. Полиция, әкімдік және прокуратура ұйымдастырған шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, прокурор Нұрлан Ешенқұлов, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ерлан Жаппаров, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы және 400-ге жуық ел ағалары мен аудан жастары қатысты.
Әкім Ж.Ағыбаев қоғамда белең алған отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды міндет екенін атап өтті.

Ал прокурор Н.Ешенқұлов зорлық-зомбылықтың салдарын жойып, жазалаудан бұрын оның алдын алуға бағытталған шараларға баса мән беру керек екеніне тоқталды. Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.Жаппаров тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы айтып өтті. Отбасындағы заңбұзушылық мәселесі бойынша әзірленген бейнероликті көпшіліктің назарына ұсынды.

Жиында қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы отбасы құндылығы туралы сананы серпілтетін ой қозғап, ата-ана мен бала құқығына қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Сондай-ақ облыстағы Шардара балалар саз мектебі қызметкерлерімен семинар өтті. Оған Шардара аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Г.Сәбден қатысып, әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын заңдарға қол қойылғанын жеткізіп, қолданысқа енгізілетіні жөнінде хабардар етті.

Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қмқорлық» отбасын қолдау орталығының психолог маманы С.Машкалов қыз-келіншектер арасында сауалнама жүргізді.

Жиында әелдерге кез келген зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда бірден полицияға арыздану керектігі айтылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу сапасын арттыру үшін барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылды.

Олардың құрамына 261 әйел тергеуші, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, жедел-криминалистикалық, криминалдық және ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері кірді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды