Түркістан облысының тұрғыны баласының кімнен туғанын біле алмай дал болды (Видео)

11 сәуiр, 16:33

Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны Гауһар Оразбаева 9 жастағы баласын күйеуіне мойындатамын деп жүріп өзі баланың анасы емес екендігін білді. Бала перзентханада ауысып кетуі мүмкін бе? Әлде ДНҚ сынамасы қате ме? Әйел көңіліндегі күдікті «Астарлы ақиқат» бағдарламасы анықтап көруге тырысты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сегіз жыл бұрын күйеуімен ажырасқан келіншек алимент көлемін арттыруды талап етіп арыз жазған. Күйеуі наразылық танытып, баланы мойындамаған соң, қос тарап ДНҚ тапсыруды жөн көреді. Нәтижесінде әкесі екенін дәлелдеймін деп жүрген әйелдің өзі баланың анасы болмай шықты.

Аутосомды ДНҚ локусын зерттеу нәтижесінде болжамды әке Қ.Н.Төлегенұлының генотипінде бала Т.Ж.Нүркенұлының генотипінде болатын әкелік аллельді нұсқалар жоқ екені анықталған. Сайып келгенде әкесі де, анасы да Жандос Нүркенұлының ата-анасы болмай шығады.

«Тоғыз ай көтеріп, тоғыз жыл баққан балам басқанікі болып шықты. Дәл босанар алдында туберкулез деген диагноз қойды. Бала дүниеге келгеннен кейін екі күн балама жақындатпай, оқшау ұстады. Одан кейін туберкулез диспансеріне алып кетті», — деген Гауһар нәрестесін перзентхана қызметкерлері ауыстырып жіберді деп күдіктенеді.

Ал перзентхана қызметкерлері әйелдің уәжін жоққа шығарды.

“Біздің перзентхана тарихында бала ауысып кету оқиғасы болған жоқ. Біреудің баласын қасақана ауыстырып жіберетіндей басымыз екеу емес. 2015 жылғы архив құжаттарын өтініш жазып тексеруге болады”, – деді Г.Оразбаева босанған Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық перзентхана бас акушерінің орынбасары Нұрлан Жүсіпов.

Сарапшылар тарапынан Г.Оразбаеваның өзіне кінә тағып, адалдығына күмән келтіргендер болды. Ол өз кінәсін жасыру үшін Шымкентте жасалған ДНҚ сараптамасын пара беріп жасатуы мүмкін деген пікір айтылды.

Алайда Шымкент қаласында жасалған ДНҚ сынамасына сенбеген Гауһар Оразбаева ақиқатқа жету үшін “Астарлы ақиқат” бағдарламасына жүгінген. Бұрынғы күйеуі екеуі қайтадан сынамасын тапсырды.

Бағдарлама барысында қайта жасалған ДНҚ қорытындысы жарияланып, Нүркен Төлегенұлының баланың биологиялық әкесі екені дәлелденді.

Заңгер мамандар Гауһар Оразбаеваға жалған қорытынды шығарған шымкенттік зертхана үстінен арыз жазып, моральдық шығынын өтеуді талап етуге кеңес берді.

 

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды