jasqazaq.kz

Түркістан облысында үш жігіт жол жиегіндегі электр құрылғыларын жымқырған

25 мамыр 2022, 11:20

Түркістан облысының полицейлері жаңа құрылып жатқан бағанадан электр құрылғыларын жымқырған үш жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жарықтандыру саласымен айналысатын мекемелердің бірінен ұрлық қылмысы бойынша шағым келіп түсті. Онда Шымкент – Самара тас жолының 54-60 шақырым арасындағы жол жиегінде орнатылған бағаналардан электр сымы, 120 дана Траверс ORG 56 материалы, 360 оқшаулағыш сынды электр құрылғылары ұрланғаны көрсетілген. Жәбірленуші тарапқа келтірілген шығын көлемі екі млн теңгеге жуықтады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды. Орын алған ұрлық қылмысын ашып, ұрыларды құрықтау мақсатында полицейлер бірден іске кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, сұрастырды. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктілердің жеке басы анықталып, үш жас жігіт ұсталды. Тағы бір күдіктіге қатысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру кезінде күдіктілердің бұрын электрик болып жұмыс істегені анықталды. Олар өздеріне ақша қажет болғандықтан, оңай жолмен олжалы болғысы келген. Содан жаңадан орнатылып жатқан бағаналардағы жарық беруге, таратуға арналған құрылғыларды шешіп алып кеткен. Ұрлық әрекетін араға бірнеше күн салып, үш рет жасаған. Бүгінде күдікті үшеу қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр