jasqazaq.kz

Түркістан облысында биыл 65 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады

14 мамыр 2024, 19:01

Биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Оның 7-і — мемлекеттік болса, 15-і — жекеменшік. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог жұмыс істейді. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов брифингте мәлімдеді.

«Түркістан облысында жалпы 1 052 мектепте 518 733 оқушы білім алады. Оның ішінде 32 306 оқушы 11-сыныпты бітірмек. Ал 27 340 оқушы ҰБТ-ға қатысады деп күтілуде. Облыстағы түлектердің 1 727-і — «Алтын белгіге» үміткер болса, 2 466 оқушы — «Үздік аттестат» иегері атанбақ. Жазғы сауықтыру лагерьлеріне жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, облыстық колледждерден 80 студент өндірістік тәжірибеге тартылады. Сонымен қатар, 20 мыңнан астам бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. Ал «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыстағы 3 421 оқушы Түлкібас және Төлеби аудандарының лагерьлерінде жазғы уақыттарын өткізеді» — деді Жандос Маханбетұлы.

Сонымен қатар, спикер мектептер жанынан да лагерьлер ұйымдастырылатынын жеткізді. Онда жергілікті бюджет есебінен 10 000 оқушы жазғы демалыста болады. Облыста жазғы маусым кезінде барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылады. Жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек өңірлеріне саяхаттар ұйымдастырылмақ.

JQ-Aqparat

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?