jasqazaq.kz

Түркістан: Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға арналған шаралар

12 тамыз 2024, 14:26

Түркістан облыстың Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен биыл өңірде профилактикалық шаралар өтіп жатыр. Түрлі форматта ұйымдастырылатын мұндай іс-қимылдар құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін керек.

Тергеушілер мен анықтаушылар бас қосты

Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен бірқатар өзекті мәселелерге қатысты маңызды жиын өтті. Күн тәртібінде заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегіне қатысты қылмыстарды тергеп-тексеру жай-күйі қаралды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстарды тергеп-тексерудің жай-күйі мен тұрмыстық зорлық зомбылықпен ұштасқан қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу барысы талқыланды.

Жиынға тергеу және анықтау басқармасының жеке құрамы, барлық қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің тергеу жөніндегі орынбасарлары, тергеушілер мен анықтаушылар қатысты.

Аталған жиналыста баяндамалар тыңдалды. Одан бөлек қылмыстылыққа қарсы күрес бағытында бірлесіп жұмыс атқару, ҚР ІІМ-нің бұйрық талаптарын орындау уақытылы орындау тапсырылды.

Жиын соңында жеке құрамға жұмысты жандандыру бойынша нақты бағыттар беріліп, ұсыныстар қаралды.

Логикалық ойындар баланы қылмыстан сақтандырады

Түркістан облысы полициясының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі логикалық ойындарды ойнату арқылы профилактикалық шара өтті.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Сауран ауданында орналасқан «URKER» балаларды сауықтыру лагерінде демалушы оқушылармен кездесті. Кездесу аясында полицейлер электронды темекі мен вейптің зияны жайлы айта келіп, лудоманияға, нашақорлықтың, вандализмнің алдын алуға және олардың қайғылы салдарына ерекше назар аударды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Дінислам Перменов: «Біз мұндай профилактикалық шараларды ақпараттық және логикалық ойындар түрінде тұрақты негізде жүргіземіз. Демек балалар ойын ойнау арқылы заңды тұрғыдан сауатты болады. Олар заңның нормалары мен талаптарын білуге қызығушылықтары артады. Профилактикалық шара барысында жасөспірімдер өздерін мазалаған және білгісі келген көптеген сұрақтарын қойды. Оларға толық жауап беруге тырыстық», — деді.

Мақсат — экстремизмнің алдын алу

Түркістан облысының аумағында көші-қон арналарындағы ықтимал қауіпті шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан орын алатын қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни экстремизм мен терроризмге қарсы қауіпті шетелдіктерді анықтау қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын жүргізу бойынша оқу сабақтарын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, түрлі қауіптер туындаған кездегі іс-қимылдардың негізгі әдістерін талқылады. Діни экстремизмге тиімді қарсы тұруға көмектесетін теориялық қана емес, практикалық дағдылар көрсетілді.

Бұл сабақтар экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.Жұмаділдаевтың басшылығымен көші-қон, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің жауапты қызметкерлерінің, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің қатысуымен өткізілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

 

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды