jasqazaq.kz

Түркістан: «Айбары мықты — Ата Заң» салтанатты іс-шарасы өтті

30 тамыз 2024, 2:59

Түркістанда Конституция күніне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңірдің жетістіктері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар тұрғындарды мерекемен құттықтады.

«Сіздерді еліміздің маңызды мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – дербестігіміз бен даралығымыздың айғағы, елдігіміз бен ерлігіміздің байрағы. Мемлекеттігіміздің кешегісі мен келешегінің кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Осы маңызды істерді атқаруға үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады және ауылды жерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағытымыздың бірі. Еліміз бұдан әрі дамуы үшін әрбір азамат Ата заңымыздың ұстанымын қатаң сақтай отырып, еңбек ете білуі тиіс. Бұл ретте, «Еңбек адамы» бейнесін насихаттау болашақ ұрпақ үшін таптырмас үлгі болары хақ. Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!» – деді облыс әкімі.


«Конгресс холл» көп салалы кешенінде өткен іс-шарада өңір басшысы бірқатар азаматтарды марапаттады. «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі сынды мемлекеттік наградаларын табыстады. Сонымен қатар облыстың Құрметті азаматы атағын тапсырды. Оның ішінде қоғам қайраткері, Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш төрағасы, құрметті муфти Рәтбек қажы және мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбек сіңірген, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар бар.

Салтанатты жиын әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Онда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, эстрада жұлдызы Айдар Тұрғамбек, «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі, ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Тәженова, «Turan Boys» тобы, Руслан Ахымбеков, Айзада Асылхан, Махмуд Уримбаев, Сұлтан Бекмырза, Сәндібек Аманов, Гүлзина Жақсылық,«Фараб» және «Бисұлтан» би ансамблі, «Jana lep!» өнер ұжымы, «АКА» балалар шығармашылық орталығы өнер көрсетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?