jasqazaq.kz

Түнгі клубтағы қыздар төбелесі жұртты шошытты (Видео)

19 қантар 2024, 14:22

Ақмола облысының полицейлері түнгі клубта жұлысқан қыздарға қатысты істі тергеп жатыр. Polisia.kz хабарлағандай, түнгі клубта болған жайтты дәрігерлер полицияға 27 жастағы қыз түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін мәлімдеген. Көп ұзамай полицейлер қыз қаладағы клубтардың бірінде болған жанжал кезінде жарақат алғанын анықтады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қыздардың бірі билеп жүріп, екіншісін абайсызда итеріп жіберген. Қыздар арасындағы ұрыс-керіс соңы қақтығысқа ұласқан. Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі іс-шараларды бастады.

31 жастағы әйел де анықталды, қазір оның осы жайтқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұған қоса, полиция қызметкерлері оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?