jasqazaq.kz

Туысының үйін есірткі зертханасына айналдырған жігіт ұсталды (Видео)

29 қантар 2024, 14:10

Алматылық азамат туыстарының үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған, Polisia.kz хабарлағандай, 26 жастағы ер адам өзім тұрамын деген желеумен ағасының үйін жалға алып, синтетикалық затты шығаратын есірткі зертханасын ұйымдастырған.
– Патрульдік полиция экипажы есірткі сатушыны анықтады және ұстады. 26 жастағы Д.есімді азамат есірткі бетбелгісін қою кезінде тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Жедел тергеу тобының тінтуі кезінде оның сөмкесінен салмағы 1,5 келіге жуық “мефедрон” есірткісі табылды. Күдікті есірткіні зертханада өзі дайындайтынын мойындады. Д.есімді азаматтың бетбелгілерді де өзі қоятындығы белгілі болды. Күдіктіге осы жұмысы үшін “жұмыс беруші” жомарт сыйақы уәде етті. Криптовалютамен төлеген. Дәл осы зертханада шыны колбалар, магниттік араластырғыштар, электронды таразылар, полиэтилен канистрлер, шыны және пластмасса табақтар, кептіргіштер, құрғақ ұнтақтар және басқа да жабдықтар табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 келіден асады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов. Күдікті қамауға алынды. Есірткі бизнесінің ықтимал сыбайластары анықталуда.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?