«Темірлан» серіктестігінің басшысы Ерлан Алин өз кәсібін туған ауылындағы200 гектар алқапқа дән сіңіруден бастаған. Бүгінгі таңда егіншілікпен бірге мал шаруашылығымен айналысатын серіктестіктің 45 мың гектар жері бар. Шаруашылықта 700 бас ірі қара, 1800 қой бағылады.
Серіктестік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Тасөткел ауылына үлкен көмек көрсетті. Шаруашылық есебінен қомақты қаржы бөлініп, жергілікті мектеп, мәдениет үйі мен балабақша жөнделді. Ауыл көшелеріне асфальт төселді. Дәмхана мен мамандар үшін жатақхана салынды.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы