jasqazaq.kz

Трамвай қайтып оралғанда…

22 қантар 2024, 15:47

Алматыда трамвайдың баламасы — жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жүре бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеді.

«ЖРК жобасын осы жылы аяқтап, қаржыландыру көзін нақты бекітеміз. Бізге 2026 жылға дейін ЖРК-тің бірінші жолағын салу жоспары қойылды. Ол «Барлық» базарынан басталып, Төле би көшесімен «Шығыс қақпасына» дейін барады. Сонда Абай даңғылы метро жолағымен, Төле би ЖРК жолымен, ал Райымбек БРТ-мен қамтылады», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Алматының үш аймағында үлкен автотұрақтар болады. «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті ашылғаннан кейін адамдар көліктерін осы маңайдағы тұрғын үй кешендерінің ішіндегі шағын көшелерге қалдырып кетіп жатыр. Осы мәселені ескеріп, қаланың көлік қаңқасының жоспарында 3 үлкен автотұрақ қарастырылған. «Барлық» базарының маңында 2 мың көлікке арналған автотұрақ және ЖРК, БРТ, метроның тұрағы болады. Қаланың шығыс жағында 5 мың көлікке орын қарастырып отырмыз. Оған қоса, бұл жерде автотұрақтан бөлек автобус паркі салынады. Ал солтүстік жақта Қонаев қаласынан келе жатқан кезде ҮААЖ торабында тағы бір транспорттық хаб болады. Біздің ойымызша, келешекте Қонаев қаласынан келе жатқан азаматтар осы жерге көлігін қойып, ары қарай метроға не ЖРК-ке отыра алады, — деді Сағындық Телібаев.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?