jasqazaq.kz

Трамп Африкада жаңа елді ойлап тауып, күлкіге қалды (видео)

21 қыркүйек 2017, 14:59

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында Африка елдерінің көшбасшыларымен кездесу барысында әлем картасында жоқ жаңа Намбия елін атады. Бұл туралы reactor.inform.kz сайты The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлады.

«Гвинеяда және Нигерияда сіздер Эбола вирусының таралуына қарсы күрестіңіздер. Намбияның денсаулық сақтау жүйесі неғұрлым толыққанды бола бастады», — деп атап өтті Ақ үй басшысы Африка елдеріндегі денсаулық сақтау жүйесі туралы сөз қозғап. Оның жасаған баяндамасы Ақ үйдің YouTube желісіндегі каналында жарияланды.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ көшбасшысы Намибияны немесе Гамбияны атағысы келген болуы мүмкін.
Трамптың қай елді атағаны кейінірек белгілі болды. Ақ үй жариялаған президент сөзінің мәтінінде «Намбия» «Намибия» деп өзгертілген.

Трамптың Африка елдерінің атауын дұрыс айтпауы бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осыған дейін ол 2016 жылы президенттік кампания кезінде Танзания сөзіне екпінді дұрыс қоя алмаған болатын.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда