jasqazaq.kz

Толқын Забирова: «3-4 сағаттың ішінде әнші қыламыз» дейтіндер бар

09 қантар 2024, 15:50

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова вокалды білмейтін жас өнерпаздарға реенішін білдірді. Өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасында өз білімімен емес тез танымал болуға ұмтылатын жас әншілер жайлы айтты.
«Заманауи өнерге еріп кеткен жас өте көп. Көбі ән айту үшін вокалдан ешқандай білім керек емес дейді. Жақсы бір продюсер табылса, сені алға жетелейтін адамың болса, әрине, сен бір жерден болмаса, бір жерден шығарың анық. Дегенмен арнайы вокалдан, дауыстан сабақ алу керек. Қазір блогерлердің заманы. Нотаны түсінбейтін әнші көп. Сольфеджио не екенін білмейді. Қазір әлеуметтік желіде «3-4 күнде немесе 3-4 сағаттың ішінде сіздерді әнші қыламыз» дегендерге таңғаламын. Жыл өте келетін, үйренетін нәрсе. Мықты әншілердің өзі 40-50 жасқа келгенде әнші болу ұғымын түсінеді. Бұл өнерге жауапкершілікпен, ақылмен келетін, саналары ашылған, расында, әнші боламын деп келетін әншілерге қуанамын», — дейді Толқын Забирова.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?