jasqazaq.kz

Тойға барып аш қайтқан ару

18 сәуiр 2018, 15:58

Алуа есімді шымкенттік бойжеткен Петропавл қаласының тумасына тұрмысқа шыққан құрбысының тойына барып таңғалысын жасырмады.

Nur.kz  хабарлағандай,  ол тойдағы дастарханды көріп, жағасын ұстаған. Оңтүстік пен солтүстіктің ерекшелігі бірден көзге түскенін жеткізген Алуа өз әсерімен бөлісті.
Алуа бұдан бірер жыл бұрын Петропавл қаласында өтетін құрбысының тойына қыз жолдас болып барған.
«Астанадан таксимен келгендіктен, жолдан қатты шаршадым. Тойға бара сала жақсылап тамақтанып аламын деп ойладым. Алайда менің бұл ойым іске аспады. Тойдағы дастарханды көріп, мүлдем таңғалдым. Себебі онда мен жейтін ешнәрсе болмады. Селедка, маринадталған көкөністер, сонымен бірге саңырауқұлақтан жасалған салаттар секілді бізде ешқашан тойда қойылмайтын тағамдарды ұсынды.
Одан бөлек, суда қайнатылған тауық етін қоя салған. Олардың өзі дәмсіз әрі түрі де тәбетіңді ашатындай емес күйде болды. Мұның барлығы мен үшін ерсі көрінді «, — деп есіне алады бойжеткен.
«Мені тағы бір таңғалдырғаны, тойда жастар да, ақсақалдар мен қарт әйелдер де ақ арақты ешкімнен қымсынбастан сіміріп отыр. Бізде де ішеді, алайда елге көрсетпей, ақырындап, үлкендерден қорқа-қорқа ішеді ғой. Ал үлкен апа-аталар мүлдем ішпейді. Сондықтан олардың бұл әрекеті мені қатты таңғалдырды», — дейді Алау.
Бойжеткен сол күні мүлдем тағамнан ауыз тимегенін және солтүстіктегілердің дастарханына наразы болғанын жеткізді. «Мен солтүстікте етті керемет асады, өте дәмді болады дегенді көп естігенмін. Алайда үстелге тұзы аз, дәмсіз ет қойды. Тойдан кейін ойын-сауық орталығына барып, тойғанша суши жедім. Сол күнгі ашыққанымды ешқашан ұмытпаспын», — дейді ол.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр