jasqazaq.kz

Тоқтар Төлешовтің ісі тоқтатылды

26 тамыз 2017, 11:09

Оңтүстік Қазақстан облысында адвокаттар алқасы мүшесінің қайтыс болуына байланысты Шымкенттегі «сыра королі» Тоқтар Төлешовтің ісі тоқтатылды, деп хабарлайды Times.kz.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта жаңа адвокат келді. Ол осы іспен танысу үшін судьядан қылмыстық іс материалдарын сұрады. Айта кетейік, қылмыстық іс 200 томнан тұрады. Сот жаңа адвокаттың өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 4 қыркүйекке белгіленді.

Еске сала кетейік, бұл шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты өтіп жатқан екінші сот отырысы.
Ол осыған дейін Астанада мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғаны үшін 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленген еді.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды. Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда