jasqazaq.kz

Тоқтар Төлешовке тергеу абақтысына үш рет дәрігер шақыртылған

10 шiлде 2017, 11:39

Екі бірдей адвокаттың келмей қалуына байланысты Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді.

Сот отырысына екі айыпталушының қорғаушылары келмей қалып, процестің басталуы кейінге шегерілді. Прокурорлар істің қарала беруіне қарсы болған жоқ, ал өзге адвокаттар бұл мәселені судьяның қарауына қалдырды. Конституциялық нормалар бойынша, айыптар адвокаттардың көзінше тағылуы керек болғандықтан судья істің қаралуын кейінге шегерді. © Tengrinews Еске салайық, бүгін Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты сот процесі басталуы керек еді. Оны сот залына отырыс басталардан біраз уақыт бұрын күзетпен алып келген. Төлешов адвокаттар мен бұрынғы әріптестерімен күле амандасты. Төлешовтің адвокаты Мархаба Жақыпованың сөзінше, оған мәлімдемені дұрыс толтырмау, пара беру және тағы бірнеше экономикалық қылмыс бойынша айыптар қоса тағыламақ. «Оны Шымкенттегі ҰҚКД-нің тергеу абақтысына ақпанда жеткізген. Денсаулығы қалыпты. Үш рет дәрігерлер шақыртты, бірақ, тісі мен омыртқасына байланысты. Ал моральдық жағдайын түсінуге болады, 21 жылға сотталды ғой. Оның барлық мүлкін тәркіледі, мен оны қорғаймын (…)», — деді адвокат. » Сот отырысы қашан өтетіні әзірше белгісіз.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда