jasqazaq.kz

Тіс ауруын басатын екпенің орнына психотропты дәрі салған

19 сәуiр 2018, 11:08


Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотропты дәрі салған. Бұл туралы тексеріс жүргізген қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері ресми мәлімдеді.
Stan.kz хабарлағандай, ол аздай дәрігердің екі жасар Семен Арзамасцевқа берген бірнеше дәрінің тіс емханасының тіркеуінде болмаған. Препараттың бұл түрі елімізде пайдалануға да тыйым салынған екен. Сондықтан шу шыққан тіс емханасының дәрілер тізімінде атымен болмаған препарат арнайы сараптамаға жіберілді. Тіс емханасының басшылығы дауға қалған маманның дәріні қайдан алғанын білмейміз деп отыр. Ал екі бірдей баланың өліміне қатысы бар болуы мүмкін аннестезиолог маманы қызметінен айырылды. Өйткені біліктілігін растайтын сертификаты сот арқылы тәркіленген. Енді жауапкершілікке аннестезиолог маманымен бірге, тіс дәрігері де тартылуы мүмкін.

«Аннестезиолог тарапынан аннестезиологиялық жәрдем беру үшін бірнеше препараттар заңсыз қолданылған. Оларда емшектегі жастағы балаларда қолдануға қарсы көрсетілімдері бар. Яғни үш жасқа толмаған балаларға қарсы көрсетілген. «Пропофол» 16 жасқа дейін қолдануға болмайды»,-дейді Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің бас маманы Салтанат Жақсыбаева.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр