jasqazaq.kz

Тірідей жерлеу туралы бәстесуден кейін 17 жастағы бала көз жұмды

28 маусым 2017, 15:03

17 жастағы Сумит есімді каскадер бала тірідей жерлеуге байланысты бәстен кейін қайтыс болды.

Бәс бойынша ол жердің астында бір тәулік болуы тиіс болған. Осы үшін оған 130 евро төленеді. Алайда бәс үшін қолайсыз жер таңдап алынып, жігіт тұншығып қалады. Кейін белгілі болғандай ол орын Курад қаласындағы биогаз зауытының шұңқыры екен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша 17 жастағы баланы жер астынан алып шыққан кезде ол ес-түссіз болған. Бірақ, соған қарамастан ұйымдастырушылар шоуды әрі қарай жалғастыра беріпті.

Ал оны ауруханаға жеткізген кезде бәрі кеш болған. Дәрігерлердің сөзінше, бала оттегінің жетіспеушілігінен және шамадан тыс келген газдан тұншығып көз жұмған.

Әдетте мұндай шоулар үшін арнайы жер қазылып, бәстесуші қиын жағдайда қалмас үшін ауа кіретін тесік жасалады. Бірақ, бұл жолы ұйымдастырушылар саңылау қалдыруды ұмытып кетіпті.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда