jasqazaq.kz

Тимур Сұлтанғазиев: Шымкентте денсаулық саласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр

21 тамыз 2024, 12:29

Шымкент қаласында жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев тұрғындармен кездесті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында өткен кездесуде ол денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар жөнінде баяндады.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, вице-министр кездесу барысында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін арттыру, дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесін жоғарылату, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту және кадр саясатын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген.

Вице-министр Қазақстанда наурыз айынан бастап іске қосылған «Бір күндік клиника» жобасының Шымкент қаласындағы перинаталдық орталықта іске асырылып жатқанына тоқталып өтті. Жаңа жүйе жүкті әйелдерге ультрадыбыстық зерттеулерді бір күнде және бір жерде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл жоба медициналық қызмет көрсету процесін жеңілдетуге және тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын нығайту, кадр тапшылығын азайту үшін қосымша ынталандыру шараларын енгізу туралы айтты. Жиын барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері және осы кезеңге дейінгі цифрландыру бағытындағы оң өзгерістер мен жұмыстарды баяндады.

Кездесуден кейін бірінші вице-министр жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз брифингін өткізді. Онда МӘМС жүйесін жақсарту, емханаларды медициналық техникамен жабдықтау, кезектер санын азайту сынды мәселелер бойынша сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдап, олардың денсаулық сақтау саласындағы мәселелерін тыңдады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы денсаулық басқармасы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?