jasqazaq.kz

Тілсіз туған бала отадан кейін сөйлей бастады

25 қантар 2018, 10:46

Кемерево облысында орналасқан Беляев атындағы аурухананың дәрігерлері Таштаголь ауданында тұрып жатқан бес жасар Антонға ота жасады. Осы отаның арқасында бүлдіршін алғаш тамақтың дәмін сезіп, сөйлеп үйренді. Ең бастысы, жуырда бірінші сыныпқа бару үшін дайындалып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап.

Сәбиінің ерекше болып туғанын анасы араға екі сағат салып барып білген. Бұл туралы оған дәрігерлердің өздері келіп айтқан. Осыдан кейін сәби Новокузнецкідегі ауруханада үш апта уақыт жатады. Өз күшімен тыныс ала алмағандықтан, арнайы құралдардың көмегін пайдаланған. Үш жарым айдан кейін Антонға тыныс алуға арналған жаңа түтікше қойылып, үйіне жіберіледі.

Светлана Багрянцева сәбиін туғалы зондтың көмегімен тамақтандырады. Антонның жасы өсе келе мәзіріне ет езбесі қосылды. Бала бір жасқа толғаннан кейін ғана анасы оны қасықпен тамақтандыра бастайды. Бірақ, өкінішке орай, тамақ бүлдіршіннің өкпесіне түсіп, ол жиі ауырады. Мұнымен қатар, ол айналасындағылармен сөйлесе алмай қиналады.

Бастапқыда Израиль мамандары Антонға 6 миллион рубль ақшаға ота жасап беруді ұсынады. Ұсыныс түскен кезде отбасында мұндай қаражат болмай қиналады. Бір күні Светлана мен Антон Новокузнецкке келіп, сол жерден Кемерово дәрігерлерінің тегін көмектесуге дайын екенін естиді.

Дәрігер Вячеслав Вавин италиялық әріптестерімен бірігіп бірнеше ота жасайды. Нәтижесінде Антон өз бетімен тамақ ішіп, сөйлей бастайды.

Бүгін, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
Бүгін, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды