Пәкістандағы Ораза айт мерекесі кезінде тікелей эфирде есінен танып, биіктен құлаған журналистің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр. Кей БАҚ өкілдері жас журналистің қазасы туралы жаңалықты жазып үлгерген. Алайда бұл оқиға 2016 жылы орын алып, журналистің аман қалғаны белгілі болды.
Миллиондаған қолданушылар қорқынышты кадр видеосын бөлісіп, «лүпілдер»басып, қыздың өліміне өкініштерін білдірді.
Бірақ, бұл видео 2016 жылы жазылған, трибунадан құлаған соң бойжеткен аман қалып, қазір жағдайы жақсы екенін жеткізген.
«Қайта тірілген» журналист Изре Хан көрермендерді сендіру үшін тікелей эфирге шығып, тұрғындарға қатты ыстықтан талып қалғанын айтады.
Өзінің дін аман екенін сіндіру үшін Изра Twitter парақшасында тікелей эфирге де шыққан.