jasqazaq.kz

Тергеуші де тергеледі

16 маусым 2017, 12:17

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі осыған дейін заттай айғақтар ретінде тәркіленіп келген зергерлік бұйымдар мен ақшаларды жымқырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндірме жұмыстары бойынша басқармасына сілтеме жасап.

«2017 жылдың 12 мамырында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу шараларының барысында зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражатты жүйелі түрде жымқырып келген Экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісін анықтады.Тергеу барысында тергеушінің экономикалық контрабанда туралы қылмыстық істі тергеу кезінде И есімді азаматшадан заттай дәлелдердің, алтын бұйымдардың камераға тапсырылмағаны анықталды», — деді Алматы қаласы бойынша МКД өкілдері. Сондай-ақ, аға тергеушінің тағы бір қылмыстық істі тергеу барысында ақшалай қаражатты жымқырығаны белгілі болды. «Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі бойынша («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») сотқа дейінгі бірыңғай тергеудің реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің Ішкі істер органдары бойынша аға тергеушісі ұсталып, ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ведомстводағылар. 2017 жылдың 15 мамырында Алмалы аудандық соты күдіктіге қатысты екі айға қамау туралы шешім қабылдады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда