«Теңізшевройл» өткен жылы 28,9 млн тонна мұнай өндірді

26 ақпан, 15:17

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2023 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады: шикі мұнай өндіру 28,9 миллион метрикалық тоннаны (230,6 миллион баррель) құрап, атмосфераға шығарындылардың жалпы қарқындылығын 2000 жылмен салыстырғанда ең төмен деңгейге дейін төмендеді. Өткен жылы ТШО өндірген барлық құрғақ газды сату Қазақстанның ішкі нарығында жүзеге асырылды. Сондай-ақ компания жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіптің қажеттілігі үшін сұйытылған көмірсутекті газының сенімді жеткізушісі болып қала берді.

2023 жылы ТШО ел бюджетіне 13,9 млрд доллар қаржылық төлемдер аударды. Сондықтан да компания екінші жыл қатарынан еліміздегі жетекші салық төлеуші деп танылды. Осы кезеңде ТШО-ның қазақстандық қамтуға (ҚҚ) жұмсаған шығын көрсеткіші 70 пайызға жетті, ал негізгі өндірістегі 95 пайызға жуық лауазымдарды жергілікті тұрғындар иеленді. Бұл көрсеткіш 1993 жылы 50 пайыз ғана болатын.

2023 жылдың қыркүйегінде ТШО Үшінші буын зауытындағы (ҮБЗ) механикалық және құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңін аяқтай отырып, Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасындағы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) маңызды межеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта жоба аясында сынақ және қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. ККЖ-ҰЕҚБЖ басталғалы бері ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 18 млрд доллардан астам инвестиция салды.

ТШО бас директоры Кевин Лайон: «Тәуелсіз зерттеу нәтижелеріне сәйкес, соңғы онжылдықта ТШО-ның өндірістік қызметі жыл сайын Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шамамен 11 пайызын қамтамасыз етті. ТШО Қазақстанның экономикалық ілгерілеуі мен энергетикалық қауіпсіздігін ынталандыруда жетекші рөл атқаруды жалғастыруда», — деп атап өттті.
1993 жылдан бері ТШО Қазақстанға 190 млрд доллардан астам тікелей қаржылық төлемдер жасады, оның ішінде мемлекеттік бюджетке төленген салықтар мен роялти, мемлекеттік кәсіпорындарға төлемдер, қазақстандық серіктестерге төленген дивидендтер, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу және жергілікті қызметкерлердің жалақысы кіреді.

ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов: «Өткен жылы біз осы күнге дейінгі ең күрделі жөндеу жұмысын мерзімінен бұрын сәтті аяқтадық. Жергілікті қазақстандық жеткізушілер компаниямыздың тарихында алғаш рет салмағы шамамен 100 тонна, биіктігі 37 метр болатын колоннаны сәтті жасап шығарып, сондай-ақ күкіртсіздірілген газды кептіруге арналған үш молекулалық елеуішті де ауыстырды. Бұл қазақстандық компаниялардың әлеуетінің тамаша көрсеткіші. дәлелі», — деп атап өтті.
2023 жылы ТШО «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында Атырау облысында жалпы сыйымдылығы 600 орыннан асатын екі мектепті, сондай-ақ толық жабдықталған 75 төсектік аурухананы салып, пайдалануға берді. Сонымен қатар, ТШО ерікті әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) аясында денсаулық сақтау, экономикалық даму, білім беру, қазақ тілі мен мәдениетін қолдауға бағытталған жобалар арқылы Атырау облысындағы 11 000-нан астам бенефициарларға оң әсер етті.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды