jasqazaq.kz

Теміртауда супермаркеттен клиентті қуып шыққан полицей жазаланды (видео)

21 тамыз 2017, 14:15

«Ерекше күзетілетін тұлға келе жатыр» деп, супермаркеттен клиентті балағаттап қуып шыққан теміртаулық полицей жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов өзінің блог-парақшасында жазды.

Еске салайық, оқиға биыл 28 шілде күні Теміртау қаласындағы супермаркеттердің бірінде орын алған болатын. Сол күні қалаға ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келіп, бірнеше нысанды аралаған. Дөрекі полицей үкімет басшысының кортежіне жолды тазалап жүрген болса керек, супермаркет клиентіне көлігін тұрақтан алып тастауын талап етіп, оны ақыры ғимарат ішінен қуып шықты. Бұл сәтті өзге клиент бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Артынша бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Аталған полицейдің қандай жазаға тартылғаны туралы сауалды министрге Жан Ботанов есімді тұрғын жолдаған болатын. Көп күттірмей Қасымовтың жауабы да жарияланды. Министрің айтуынша, видеоматериал жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізіліп, дөрекі полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

sn.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда