jasqazaq.kz

Теміртауда кассаға шабуыл жасаған ер адам он жылға сотталуы мүмкін (видео)

05 қыркүйек 2017, 16:32

Теміртауда шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Теміртау қалалық сотына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Теміртау қалалық соты 30 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шаррасын қолдануға үкім шығарды. «Қылмыстық қудалау органымен Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2 бөлігі («Қарақшылық») бойынша күдікті деп танылды. Сот күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды», — деді сот өкілдері. Еске салайық, 27 тамызда Теміртаудағы танымал шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасады. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған. Кассашы қызбен сәл тілдескеннен кейін ол терезені шағып, кассаға кіріп кетеді. Сосын ер адам 174 000 теңгені алып, шығуға асығады. Қыз оны тоқтатпақшы болады. Алайда ер адам жеңінен үлкен пышақ алып шығып, қорқыта бастайды. Жедел тергеу шаралары барысында күдікті ұсталған.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті