jasqazaq.kz

Теміртауда дүкенге шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды (видео)

22 қыркүйек 2017, 14:16

Теміртаудың дүкендеріне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 4 азамат ұсталды. Олардың екеуі 19, қалған екеуі 21 жаста, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер 20 қыркүйек күні қарақшылық шабуылдарды ашатын арнайы топпен ұсталған.

«Полиция қызметкерлерімен ұрланған ақша мен қылмыс құралдары тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192- бабы, 2-тармағына, яғни «Қарақшылық» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», — дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Еске салайық, Теміртауда «Анонимус» бетпердесін киген қарақшы топ пайда болып, бірнеше дүкенге шабуыл жасаған болатын. Осындай шабуылдың бірі 18 қыркүйек күні түнде «Пафос» дүкенінде болған. Қарақшылар сауда орнына басып кіріп, дүкеншіні қарумен қорқытып, кассадағы барлық ақшаны алып кеткен.

Вчера писал о том, что ограбили магазин «Волна» на 45 квартале. В этот же день через несколько часов на 45 кв.,рядом с военторгом тоже похитили терминал. А в понедельник было совершено 2 разбоя в Темиртау. Налетчики были вооружены, на лицах их одеты маски. Ходят слухи, что также в Темиртау группа ребят изнасиловали женщину в извращенной форме. Действительно, что-то страшное происходит в Караганде и в городах спутниках. Будьте бдительны. #грабежи #разбой #караганда #темиртау #казахстан #кргблог #денисденски @denis_denski

Публикация от БЛОГ Дениса Денски (@denski.blog)

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда