Темекі шегіп тұрған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттгі.
Ең сорақысы, бұл қыздар әлі мектеп бітірмеген, жасөспірімдер. Мектеп ауласынан тысқары жерде темекі тартып тұрған қыздарды олардың сыныптастары видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратқан. Өз іс-әрекеттеріне еш қымсынып, ұялып тұрмаған қыздар, тіпті, видеоға түсіп жатқандарын білсе де міз бақпастан темекілерін тартып тұра берген. Жоғарғы сынып оқушыларының мұндай іс-әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жұрттың ашуын туғызуда.
Ескерте кетейік, видеода бейәдеп сөздер бар!