Венесуэланың мемлекеттік VTV телеарнасында бағдарламалардың бірін жүргізетін Освальдо Риверо сәрсенбіде Ұлттық ассамблеяға жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде тараған өзінің видеосында айтты. Парламент спикері Хулио Борхестің деректеріне сәйкес үкімет жақтастарының қарсы әрекеттерінен парламенттің бас депутаты, жеті қызметкері зардап шекті. «Біз жасаған ісіміз үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз, — деді Риверо. — Бізден азық-түлікті жасыратындарға, лаңкестік ұйымдастыратындарға, халыққа қарсы шығатындарға наразылық білдіреміз». Жүргізушінің айтуынша, шабуыл жасауға ешкім өкімдік етпеген. Олар өз беттерінше әрекет еткен. Ұлттық ассамблея депутаттары мен қызметкерлері басқарушының жақтастары бірнеше сағатқа қоршап алған парламент ғимаратынан бітіндеп шығып кеткені атап өтіледі.