Қытайдың Аньхой провинциясында телефонына қарап келе жатқан тұрғын баспалдақтан құлап кетіп, көз жұмды.
Оқиғаның видеосын MiaoPai порталы жүктедi. Қыз құлай салысымен бастан алған жарақатының салдарынан есінен танып қалған. Ауруханаға жеткізілген соң ертесі қайтыс болады.
10 шілде күні АҚШ-та зейнеткер телефонға үңіліп келе жатып тереңдiгi екі метр болатын ашық люкке құлап, жарақат алған болатын.