Android 7 қолданушылары мобилді операциялық жүйеде құпия дабыл батырмасы бар екенін анықтады. Оны қолданған кезде қауіпті қосымшаның жұмысы дереу тоқтайды.
Бұл режим «кері» батырмасын жылдам төрт рет басқанда іске қосылады. Қосымша тоқтағаннан кейін қолданушы басты мәзірге қайта оралады. Бұл жүйені бұғаттап тастайтын зиянды қосымшалардың зардабын болдырмау үшін қажет.
Әзірге батырма сынақтан өткізілуде. Ол Android 7.1 жүйесінің кей қолданушылары үшін ғана қолжетімді.