jasqazaq.kz

«Таза Жағалау»: Жайықтың жағасынан 160 тонна қоқыс шығарылды

05 тамыз 2024, 15:12

Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс-шаралар жалғасуда.

5 тамызда акция аясында өлкенің табиғатқа жанашыр тұрғындары сенбілікке шығып, Жайық жағалауына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

Табиғатты қорғау акциясының мақсаты – тұрғындарды отансүйгіштікке, өз қаласы үшін жауапкершілікке баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

ТЖ режимі кезінде Жайықтың жағалауына 5 миллионға жуық қап төселді. Су деңгейі төмендегесін өзен жағасын санитарлық тазалау қажеттілігі туындады.

Сенбілік аясында жастар мен қоғамдық белсенділер жағалаудан 160 тонна топырақ салынған қаптарды шығарды.

«Жасыл ел» жастар қозғалысының ұйымдастырушысы Заманбек Құрақбайдың айтуынша, тазалық жұмыстары жалғасады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде «Жасыл ел» жастар қозғалысының аясында 1000 жас жұмыспен қамтылды. Әр адам экологиялық мәдениетті сақтауды өзінен бастау керек. Санитарлық тазалыққа жұмылып жатқан тұрғынның қарасы көп, — деді З.Құрақбай.

Экологиялық акцияға қатысушылар бірнеше учаскеге бөлініп, әр учаскеге жауапты үйлестіруші белгіленді.

Түрлі ойын мен квесттер ұйымдастырылып, сенбілік мерекелік сипат алды.

Айта кету керек, акция басталғалы облыста 200 гектар аумақ тазаланып, 723 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ұйымдастырушылар тұрғындарды тазалыққа жұмыстарына тарту бағытында бірнеше жоба жоспарлап отыр.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?