jasqazaq.kz

«Таза Қазақстан»: Абай облысының қалалары мен аудандарында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілуде

30 шiлде 2024, 16:52

Абай облысында экологиялық ахуалды жақсартуға және қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы жүргізілуде. Осы акция аясында облыстың әр ауданында аумақтарды тазарту, ағаштар мен көшеттер отырғызу, сондай-ақ саябақтар мен алаңдарды абаттандыру ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың тазалықты сақтауға атсалысуының маңыздылығын көрсетіп, қоғамның түрлі салаларын қатыстырып, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне назар аударады. Бүгін облыс көлемінде 10-ға жуық түрлі іс-шара өтті. Мысалы, «Таза өлке», «Таза көше», «Табиғатты аялайық», «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» және т.б.

Бесқарағай ауданы Шошқалы көлінде «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» акциясы өтіп, оған аудан басшылығы, белгілі спортшылар, жас отбасылар, аудан депутаттары, ауыл тұрғындары, БАҚ және еріктілер, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысты. Шара барысында көл жағасы қоқыстан тазартылып, қоқыс жәшіктері орнатылды. Акцияға барлығы 100-ге жуық адам мен 5 арнайы техника қатысты.

Курчатов қаласының тұрғындары «Қаланы таза ұстайық!» ұранымен өткен «Таза Қазақстан» эко-акциясына белсене қатысты, оның аясында «Буратино» балалар саябағын тазарту жұмыстары жүргізілді. Бірнеше сағат ішінде қатысушылар аумақты толықтай қоқыстардан тазартты.

Аягөз ауданында республикалық эко-акция аясында «Питомник» аумағында да қоқыстардан тазарту жұмыстары өтті. Шараға 40-тан астам жас қатысып, 37 қап қоқыс жиналды.

Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында ауқымды акция өтіп, нәтижесінде ауыл орталығында орналасқан орман алқабы тазартылды. Акцияға жергілікті тұрғындар, студенттер, жастар және «Жасыл ел» жасағының сарбаздары қатысты. Осылайша 20 қаптан астам қоқыс жиналды. Жалпы Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 40 мың тонна қоқыс шығарылып, 1500 ағаш пен 20 850 көшет отырғызылды. 5 су қоймасы қоқыстан тазартылып, 21 саябақ пен алаң абаттандырылды. Сенбілікке барлығы 9 мыңнан астам адам қатысты.

Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай атындағы орталық саябақта «Таза саябақ» сенбілігі ұйымдастырылды. 150-ден астам адам, оның ішінде мекеме қызметкерлері мен белсенді ауыл тұрғындары саябақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына барлығы 88 200 адам қатысты. Акцияға 3596 ұйым мен мекеме қолдау көрсетіп, 2041 бірлік түрлі техника жұмылдырылды. 78 590 аула тазаланып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 47 590 тонна қалдық шығарылды. Облыста 239 саябақ пен алаң тазартылып, 252 ескерткіштің аумағы абаттандырылды. Жалпы, акция барысында облыста 135 540 ағаш отырғызылды. 1035 әлеуметтік нысан мен 2221 өндірістік нысан, 852 су қоймасы қамтылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?