Ташкенттегі «Дустлик» саябағына 4 маусымда жиналған бірнеше жүз адам 17 жастағы Джасур Ибрагимовтың өлімін әділ тергеуді талап етті. Бұл туралы nur.kz порталы centralasian.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыдан бір ай бұрын медициналық колледж маңында аяусыз соққыға жығылған студент өткен аптада ауруханада қайтыс болды.
Джасурға бес рет операция жасалған, бірақ ол бірінші маусымда ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. Ташкенттің ішкі істер бас басқармасы бірнеше кісіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Акцияға жиналған Ташкент тұрғындары құқыққорғау органдарынан жасөспірім өліміне қатысты істі әділ тергеуді талап етіп, Өзбекстан президентінің атына жазылған ашық хатқа қолдарын қойған.