jasqazaq.kz

Тараздан шыққан түйе керуені Астанадағы ЭКСПО-ға жол тартты

20 мамыр 2017, 14:32

араз қаласынан шыққан автокөліктер мен автобустар ілескен 70-ке жуық түйе және аттар керуені Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жол тартты.  Ежелгі Тараз қаласынан Астанаға сапар «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешені жанындағы Жамбыл Жабаев алаңынан басталды. Аталмыш шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен 26-30 шілде күндері Астана қаласында өтетін Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өткізілмекші. Керуен 25 жүк артылған түйе, 46 ат және айдаушылары, 10 жүк машинасы, 3 автобустан тұрады. Облыстың мәдени күндеріне қатысу үшін Астанаға мәдениет қызметкерлері, дәрігерлер, ЖП және ТЖ қызметкерлерінен тұратын 150 адам аттанды.

 

Керуен Жамбыл және Қарағанды облыстарының 10 елді мекендерінде аялдама жасап, киіз үйлер мен шатырлар құруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдауға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылмақшы. Тұрғындарға концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар ұсынылады. Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық шаралар өткізіледі.

Керуен елордаға ат басын тіреген соң көрме кешені аумағында Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Бұдан бөлек, бес күн бойы қала тұрғындары және қонақтарының назарына М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық драмалық орыс театры сахнасында, «Жастар» театры, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының алаңында көрмелер, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар ұсынылады. Ал, 28 шілде күні «Қазанат» ипподромындағы этноауылда дәстүрлі өнердің әралуандығын көрсететін «Шығыс базары», қолөнер және сәндік-қолданбалы бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ЭКСПО қонақтарына Ұлы Жібек жолы орталықтарының бірі болған ежелгі Тараз қаласының тарихы таныстырылады.

ҚазАқпарат

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда