jasqazaq.kz

Таразда «жер учаскесін алуға көмектесемін» деп уәде берген алаяқ әйел ұсталды

05 тамыз 2017, 22:14

Таразда 1,7 миллион теңге көлемінде жасалған алаяқтық дерегі анықталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2017 жылдың 2 тамызында Тараз қалалық Ішкі істер басқармасының №1 полиция бөліміне 60 жастағы тұрғын 2017 жылдың 15 маусымында Бақытгүл деген әйелдің оның сеніміне кіріп, жер учаскесін алуға көмектесемін деп оның 1,7 миллион теңгесін иемденіп алғанын хабарлаған. «Жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер алаяқтың кім екенін анықтады. Қысқа уақыт ішінде әйел ұсталды. Ол Жамбыл облысы Сарыкемер ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйел кінәсін мойындады», — деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда