jasqazaq.kz

Таразда автобус 10 көлікті соқты (Видео)

04 қантар 2024, 14:46

Таразда қарсы бетке шығып кеткен автобус 10 көлікпен соқтығысты. Оқиға қаланың қақ ортасындағы негізгі жолдың бірі саналатын Төле би көшесінде болған, деп хабарлайды «В Таразе всегда солнечно» Telegram арнасы. Оқиға орнынан видео мен фотосуреттерді қала тұрғындары түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ірі жол-көлік оқиғасы бүгін, 4 қаңтарда сағат 10:45 шамасында тіркелген.
«Тараздағы Төле би даңғылымен келе жатқан №56 маршруттық автобусының 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан тұрақта тұрған көліктермен соқтығысқан (10 бірлік автокөлікпен). Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болғаны анықталды. Олардың бірі – жарақат алған 56 жастағы әйел, қалалық ауруханаға жедел жеткізілді», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. Аталған факт бойынша автобус жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қажетті сараптамалар тағайындалды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?