jasqazaq.kz

Тараз оқушылары SportFEST Kazakhstan спорт додасының ақтық мәресіне өтті

02 сәуiр 2018, 16:31

Шу, Талас, Жамбыл, Жуалы ауданыдары мен Тараз қаласының құрамалары футзал, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат пен әскери-қолданбалы спорт түрлерінен бақ сынасып, Жамбыл облысының үздіктері анықталды.

Ашылу салтанатына келіп, оқушыларға сәттілік тілегендердің бірі паралимпиадалық ойындардың чемпионы Аманбаев Талғат Талғатұлы. Сонымен қатар, облыстық спорт және мәдениет басқармасының өкілдері мен жергілікті әнші-бишілердің ұйымдастырылуымен қатысушылар үшін естен кетпес кеш өткізілді.

Қыздар арасындағы баскетбол бойынша нәтиже кестесі: 1 орын – Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназиясы, 2 орын – Тараз қаласы, №11 орта білім беру мектебі, 3 орын – Шу ауданы, Төлеби орта мектебі.

Жігіттер арасындағы футзал бойынша Тараз қаласының №36 мектебі алтынға қол жеткізсе, Байзақ ауданының бозбалалары күмісті місе тұтты. Үшінші орын Тараз қаласының №12 мектеп-гимназиясының еншісінде.

Үстел теннисі:

1 место – город Тараз, ШГ №41.

2 место – город Тараз.

3 место – город Тараз, СШ №56

Әскери-қолданбалы спорт түрлері:

1 орын — Байназаров Арслан (Тараз қаласы, №53 орта мектеп), Тұрар Альбина (Талас ауданы)

2 орын — Жедеғабыл Жансерік (Шу ауданы), Кемелбекова Арайлым (Тараз қаласы №53 мектеп-гимназиясы)

3 орын — Қордабай Нұрасыл (Талас ауданы), Тлеуқұл Ақсезім (Шу ауданы).

Шахмат ойыны бойынша:

1 орын — Жақсылық Диас (Шу ауданы), Нағашбаева Шахизада (Жамбыл ауданы)

2 орын — Абдрахим Ернұр (Жамбыл ауданы), Бутакова Диана (Тараз қаласы, №7 ортам мектеп)

3 орын — Асадулин Фарид (Тараз қаласы, №7 орта мектеп), Ермекбай Гүлсара (Шу ауданы).

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша:

1 орын — Әлдибай Қарақат, Омаржан Азат (Шу ауданы)

2 орын — Туралы Ерзат (Жуалы ауданы), Абдуллаева Айзада (Тараз қаласы №14 орта мектеп).

3 орын — Өмірбек Диас (Тараз қаласы, №14 орта мектеп), Төребай Данагүл (Жуалы ауданы)

Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталып, Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге жолдама алды.

Естеріңізге салсақ, жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қоры іске асырады.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр