jasqazaq.kz

«Тәпішке киіп жүрсең, бомжсың!» Атырауда блогерлер күзетшінің өліміне себепші болды (Видео)

29 тамыз 2024, 13:44

Атырауда өзін блогер деп таныстырғандар «Мемлекеттік сараптама орталығының» күзетшісі, 56 жастағы Хәкім Иманиязовтың о дүниеге аттануына себеп болған. Бұл туралы адвокат Айнұр Балакешова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Адвокаттың айтуынша, күзетшіні бейнежазбаға түсіріп, айқайға басқан «блогерлердің» әрекетінен кейін ғимарат күзетшісінің қан қысымы көтерілген.
Айнұр Балакешова: «Атыраудағы «Мемлекеттік сараптама орталығы» деген ғимараттың күзетшісін өздерін блогерміз деп таныстырған екі адам видеоға түсіріп, мазақ еткен. Олардың іс-әрекеті мен сөздерінен кейін күзетшінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырған, арада біраз уақыт өте келе ол көз жұмды. Өздерін блогерміз деп таныстырған олар мемлекеттік органға рұқсатсыз кіргісі келген, бірақ, күзетші оларды турникеттен өткізбеген», — деп жазды.
Ер адам: «Сен кімсің менің аузымды жабатын? Куәлігіңді көрсет. Күзетшімін деген бейджигің мені қызықтырмайды. Мына аяғыңдағы не? Сланцы ма? Сен не, бомжсың ба? Тәпішке киіп жүрсең, сен бомжсың. Сен юбка киіп отыратын әйелсің», — деп аузына келгенін айтқан. Бейнежазбадан «блогерлердің» арандату үшін әдейі дайындалып келгені анық байқалады.
Айқай-шудан кейін миына қан құйылып қайтыс болған марқұмның зайыбы: «Менің күйеуімнің аяғындағы киіміне қарап, «бомжсың» дейтіндей олар кім? Мен оларды соттатпай қоймаймын, ақтық демім қалғанша күресемін», — дейді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?