jasqazaq.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен кетті

06 маусым 2017, 11:49

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» телеарнасы басшылығынан кетіп, оның орнына журналист Жанар Шәмел келді деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

«5 жыл аз ба, көп пе білмеймін, бірақ уақыт қымбат және сол уақытыңды арнаған іс қымбат. Сондықтан мен үшін «Балапанның» жөні бөлек. «Балапанды» баптау — кәдімгі кішкентай баланыкіндей күтімді қажет етеді. Оны жүрегіңмен жақсы көресің, еңбегіңді, ынта-жігеріңді арнайсың, біліммен қуаттандырасың, тамырынан алыстамауын, жаңадан қалыспауын қалайсың, тоқтатпауға, тек алға жетелеуге тырысасың… 7 жасқа жетіп қалған, «Балапанға»қарап, сүйсінетін сәттердің көп болғанына көзім жетеді. Бәріне ризашылығымды білдіремін!

Бүгін бала күтіміне байланысты демалыста болған әріптесіме барлық жұмысты заңды түрде тапсырдым, бірақ «Балапанға» осы саланың маманы ретінде,одан бұрын АНА ретінде қашанда тілектес, жанашыр болып жүретінім ақиқат! Қазір «Балапан» рейтинг бойынша эфирлік арналардың біразынан озып тұр. Алда да осы көрсеткішін жоғалтпайтынына сенемін. Рақмет «Балапан», — деп жазды ол.

Бұл туралы журналист Арман Сқабылұлы да өзінің Facebook желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

«Балапанның» басшысы ауысып, Лəйлə Сұлтанқызының орнына Жанар Шамель ханым келіпті. Бұл ауыс-түйістен де көп үміт күтеміз. Сонымен атқа мінгендерді құттықтап, түскендерге сабыр тілейміз», — деп жазды ол.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы болса бүгінде жер-жерді аралап, қыз-келіншекке арналған психологиялық семинарлар өткізуде. Нәзік жандыларға ол «Әйел бақытына» қалай қол жеткізуге болатынын айтып, ақыл-кеңестерін беріп жүр.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда