jasqazaq.kz

Танымал миллионер қазақ жігіттерін қыздардың арын сақтауға шақырды

22 тамыз 2017, 15:21

Танымал қазақ миллионері Қайрат Құдайберген қазақ халқының ауызбіршілігі жоқ екенін айтып, елге ішіндегі қынжылысын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде қазақ халқы қыздардың арын сақтауды бірінші орынға қоюы тиіс.

Өзінің жүрекжарды ойын ол Instagram парақшасында айтты.

«Қазақты азғыртатын — көреалмаушылық. Бір қазақ алға басса, екіншісі қол ұшын беріп көмектесудің (еврей халқына тəріз) орныны, аяғынан ұстап артқа тартады. Ауызбіршілік жоқ.

Руға бөлініп найман-шайтан, шипованный (шапрашты), адай вообще неадекват, деп өз өзімізді мазақ қылып, бір жеріміз жетісіп жатқандай қарқ-қарқ күлеміз. Обал… Осындай мүшкіл жағдайға жеткен елімізге обал. Өз санамызды өзгертіп жаңа өсіп келе жатқан жастарды дұрыс жолға салмасақ, жерімізге көз салған елдерге жем боламыз», — деп жазды ол.

Сонымен бірге ол ең бірінші қазақ қыздарының арын сақтауға мән беру керек екенін айтты.

«Ботакөз қарындастарымыздың арын сақтамай, оларды сыйламай, мəпелеп артынан қарамасақ елімізді де жоғалтамыз. «Ұлтты жоқ қылам десең — әйелін азғыр» деп бекер айтпаған. Қазақ бауырларым елімізге, жерімізге, ал ең басты ботакөз қарындастарымызға сақ болайық! Ұлы дала елінің болашағы өз қолымызда, сол қолдарымызды бос ұстамай еңбек етейік, бір жағадан бас болайық, сонда ешбір жауға жем болмаймыз!», — деді ол.

Ал желі қолданушылары болса оның бұл жазбасына көптеген жағымды пікірлерін білдіріп, өз ойларымен де бөлісе кетті.

nur.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда