Қазақ тойларында жаңа түскен келіннің ата-енесіне, қайын жұртына торт жегізуі кең тарап жүрген еді. Ал танымал күйші Мұрагер Сауранбаев қазақтың дәстүрін жаңғыртып, тойда келіншегіне торт емес, шай құйғызды.
Күйші Әсел есімді аруды қолына қондырған. Ақ орамал таққан келін Тамара Асармен бірге «Самаурын» деген әннің әуенімен қайын жұртына шай ұсынды. Бірақ мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Біреулері дәстүрді жаңғыртудың дұрыс екенін айтып, мақтау білдірсе, екіншілері келіннің кеудесінің тым ашық екенін, бұл дәстүрге жараспай қалғанын жазуда.
Дереккөз: reactor