Қазақстандық актриса Бибігүл Сүйіншалина мен вайнер әрі актер Шәріп Серік “Көңілдес” атты қысқаметражды фильмде басты рөлді сомдады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Төсек қатынасын ашықтан ашық көрсететін фильм қазақтың белгілі ақыны әрі жазушысы Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңінің негізінде түсірілген.
“12 маусым күні алғашқы Халықаралық “Silk Road” кинопоэзия фестивалі аясында “Көңілдес” атты поэзиялық фильмнің тұсауы кесілді. Бұл – 1931 жылы ату жазасына кесілген белгілі философ, аудармашы әрі ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңінің алғаш рет экранизациялануы. “Silk Road” фестивалі – коммерциялық емес жоба. Оның мақсаты – жастар арасында поэзияны насихаттау, бай поэзиялық мұраны заманауи видео формада сақтау”, – деп жазды Бибігүл Сүйіншалина желідегі парақшасында.